Event Tag: Upcoming Kindergarten

  • Home
  • Event Tag: Upcoming Kindergarten
Shape Image One

Тұрсын Айзеренің анасы

Мен, Яхудаева Тиллагул Маматраимовна, қызым Тұрсын Айзеренің анасымын. “Аянат – сұлу” бөбекжай балабақшасына барғалы қызым Айзере көңілді балабақшаға барамын деп ерте тұрып дайындалады, апайын жақсы көреді, тобындағы балалармен қарым-қатынасы жақсы. Қызым қазіргі таңда зерек болып келе жатыр: ән айтып, би билеп, ертегі айтуға құштар, үйде барлығымызға ертегі айтып береді, апайының айтқандарын үйде қайталап апай болады. Битабарова Гулзат апайына үлкен рахмет, балдарымыз биіктерден көріне берсін. Мен “Аянат – сұлу” бөбекжай балабақшасына қызымді бергеніме өте ризамын. Жұмыстарыңызға сәттілік!

Мырзамуратов Зоирбектің анасы

Мен, Мырзамуратова Гулжамал Кушуакбаевна, ұлым Мырзамуратов Зоирбек Сухробжоновичтың анасымын. “Аянат – сұлу” бөбекжай балабақшасынада тәрбиеленіп жатқанына қуаныштымын. Өйткені баламның балабақшаға деген көз қарасы жақсы, апайына рахмет айтамыз. Битабарова Гулзат апай балаларға жақсы қарайды, тәрбиелі апай. Баламның әнге деген қызығушылығы ашылып жатыр. Сурет салуды, сурет бояуды қатты ұнататын болды. Балабақшаға тек шығармашылық табыс тілеймін. Балалары көбейіп, жақсы жаңалықтармен қуанта берсін. Гулзат апай рахмет сізге!